СҚО-да полицей интернет-алаяқтықтың алдын алды

Фото: Zakon.kz
Петропавл қаласындағы ірі сауда үйлерінде банк терминалдары көп орналасқан. Онда кезекшілік атқаратын полиция қызметкерлерінің негізгі міндеттерінің бірі – интернет-алаяқтардың құрбаны болу қаупі бар азаматтарды дер кезінде ескерту.

Жуырда СҚО ПД ЖҚАЖ қызметкері қаладағы сауда үйлерінің бірінде кезекшілік барысында терминал алдында телефонмен сөйлесе жүріп операция жүргізіп жатқан абыржыған егде жастағы ер адамға назар аударды.

Полицей өзін таныстырып, алаяқтық болуы мүмкін екенін ескертті. 63 жастағы қала тұрғынына белгісіз тұлғалар қоңырау шалып, өздерін еліміздегі банктердің бірінің қызметкерлері ретінде таныстырғанын айтты.

Олар азаматтың атына кредит рәсімделіп жатқанын, оны болдырмау үшін өзінің ақшасын "қауіпсіз шотқа" аудару қажеттігін жеткізген. ЖҚАЖ қызметкері дереу "102" арнасына хабарласып, азаматқа мобильді банк қосымшасы арқылы шоттарын тексеруді ұсынды.

Нәтижесінде зейнеткердің атына ешқандай несие рәсімделмегені анықталды. Кейіннен оқиға орнына келген жедел тергеу тобының қызметкерлері егде жастағы азаматпен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Осылайша алаяқтықтың жолы кесілді.

Полицейлер азаматтарға банк немесе құқық қорғау органдарының қызметкерлері ешқашан адамдардан қандай да бір қаржылық операция жасауды талап етпейтінін еске салады. Егер есепшотыңыздың қауіпсіздігіне алаңдасаңыз, ресми арналары арқылы банкке хабарласыңыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін