Алматыдағы тағы бір көшеде көлік қозғалысы 1,5 айға шектеледі

Сурет: Zakon.kz
Алматының Алмалы ауданында алдағы жылу маусымына дайындық аясында 1978 жылы пайдалануға берілген 172 метрге жуық жылу магистралі ауыстырылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Алматы жылу жүйесі" ЖШС мәліметінше, осыған байланысты 2025 жылдың 16 шілдесі мен 1 тамызы аралығында Алматы қаласының Алмалы ауданында Клочков көшесінің бойымен Қарасай батыр көшесінен Қабанбай батыр көшесіне дейінгі аумақта автокөліктер үшін қозғалыс жабылады. Екі бағытта да көлік қозғалысы шектелмек. 

Шектеу аталған көше учаскесінің көлік жолы бөлігінің астынан өтетін құбыр учаскесінде жоспарланған жаңарту жұмыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында енгізілмек. Жаңарту жұмыстары жүргізілетін кезеңде тұтынушыларды ыстық сумен қамтамасыз ету сақталады.

Бұл жылу магистралі 3 көппәтерлі тұрғын үйдің тұрғындарын жылу энергиясымен және ыстық сумен қамтамасыз етеді.

Биыл қалада барлығы 39 шақырым жылу магистралін қайта жаңарту жоспарланған. Бұл жылу желісінің ескіруін 54%-ға дейін төмендетеді.

Еске салайық, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram-арнасында, аудан әкімдіктері мен басқармаларының әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS және "Яндекс карталары" сервистерінде жарияланған.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз