Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап көз жұмды

Сурет: pixabay
Көкшетауда жұмысшы биікте баған бояп жатқан кезде астындағы саты сынып, құлап кеткен. Ол алған жарақатынан сол жерде көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақмола облысы полиция департаментінің хабарлауынша, 14 шілдеде Көкшетау полиция басқармасына жедел жәрдем станциясының фельдшері кәсіпорындардың бірінде болған жазатайым оқиға туралы хабарлаған. Алдын ала мәлімет бойынша, 54 жастағы ер адам бағанды бояп жатқан кезде астындағы саты сынып, ол биіктен құлап кеткен. Басынан алған ауыр жарақаты салдарынан жұмысшы оқиға орнында қайтыс болған.

"Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабы 3-бөлігі — "Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу, абайсызда адам өліміне әкеп соққан" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сонымен қатар мемлекеттік еңбек инспекторы тарапынан тексеру жүргізіліп жатыр", - деп нақтылады полиция.

Полицейлер мұндай қайғылы оқиғалардың алдын алуға болатынын атап өтіп, еңбек қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау қажет екенін ескертті. Олар жұмыс берушілерге келесі шараларды ұсынып отыр:

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

3 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Президент Жолдауы: Атырауда ақпараттық-түсіндіру кездесулері басталды

Қазақстанда телеарналар мен радио хабар тарату уақытша тоқтайды

Дәурен Мұратбеков Жоғары Сот Кеңесіндегі қызметінен босатылды

Әсел Жанасова Премьер-министрдің орынбасары – көлік министрі болып тағайындалды