Ұлттық банк Қазақстандағы инфляция ең жоғары аймақтарды атады

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Маусым айында Қазақстанның облыстары мен ірі қалаларында инфляция деңгейі қаншаға өсті – Zakon.kz мақаласында.

Ұлттық банктің мәліметінше, 2025 жылғы маусымда жылдық инфляция 11,8%-ға дейін өсті. Маусым айында ел бойынша айлық инфляция 0,8%-ды құрады. Ең жоғары көрсеткіш Ақмола және Абай облыстарында (әрқайсысында 1,3%) тіркелді.

Жалпы, жылдық инфляция 18 өңірде үдеп, бір өңірде өзгеріссіз қалды, бір өңірде баяулады. Ол 7 облыс бойынша республикалық деңгейден жоғары болды. Ең жоғары инфляция Алматы қаласында (13,8%) тіркелді.

Ұлттық банк азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын тауарларға, сондай-ақ ақылы қызметтерге жыл сайынғы баға өсімі тиісінше 10,6%-ға (мамырда – 9,6%), 9,4%-ға (мамырда – 9%) және 16,1%-ға (мамырда – 16,0%) дейін жеделдегенін еске салды.

Бірқатар өңірлерде азық-түлік бағасы республикалық орташа деңгейден жоғары көтерілді. Ең айқын өсім Ақмола (12,5%), Қарағанды (12%), Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында (әрқайсысында 11,9%) болды.

Азық-түлік емес тауарлар бағасының айтарлықтай өсуі Түркістан (12,5%), Абай (11,4%), Атырау (11%) облыстарында, сондай-ақ Ұлытау облысында (11,3%) байқалды.

Ақылы қызметтердің бағасы Алматы (23,4%) мен Қарағанды облысында (18,1%) ең жоғары өсті.

Маусым айында кейбір азық-түлік тауарларының бағасының көтерілуіне не себеп болғанын бұған дейін хабарлаған болатынбыз.

Қазақстан
ҚР Ұлттық Банкі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін