Алматыда Райымбек даңғылының бір бөлігінде қозғалыс шектеледі

Фото: Zakon.kz
Алматыда жылу желілерінде жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін Райымбек даңғылының бөлігі бір түнге жабылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматыда 1990 жылы пайдалануға берілген құбыр желісін жөндеу жұмыстарына байланысты Райымбек даңғылында қозғалыс уақытша шектеледі

18 шілде сағат 22:00 бастап 19 шілде сағат 08:00 дейін Райымбек даңғылының бойымен Сейфуллин даңғылынан бастап Бөкейханов көшесіне дейін екі бағытқа қарай автокөлік қозғалысы жартылай шектеледі.

Уақытша шектеулер алдағы жылыту маусымына дайындық аясында 1990 жылы пайдалануға берілген магистральді құбыр желісінде жөндеу жұмыстарын қауіпсіз жүргізу үшін енгізіліп отыр.

Естеріңізге сала кетейік, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат @AlmatyJoly Telegram-арнасында, аудан әкімдігінің әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS және "Яндекс карталар" сервистерінде жарияланған.

Уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз. "Алматы жылу жүйесі" ЖШС

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Қазақстанда CVK қаржы пирамидасының жетекшісі сотталды: 474 мың доллардың криптоактиві бұғатталды

Қазақстанда футбол қақпаларына қойылатын қауіпсіздік талаптары күшейтілді