Бейәдеп сөздер айтқан атыраулық әйел әуе рейсінен түсірілді

Сурет: polisia.kz
Елорда әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Астана – Атырау бағытындағы рейстен әуе кемесі командирінің актісімен 31 жастағы Атырау қаласының тұрғынын түсірді, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Тексеру кезінде жолаушы мас күйде болып, ұшаққа міну барысында әуе компаниясы қызметкерлерінің талаптарын орындамағаны және агрессивті әрекет көрсеткені анықталды.

Тәртіп сақшылары келген кезде әйел полиция бөлмесіне барудан бас тартып, тіпті, бейәдеп сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзуды жалғастырған.

Көлік полицейлері аталған азаматқа қатысты билік өкілдерінің заңды талаптарына бағынбау, ұсақ бұзақылық жасау, бортсеріктердің талаптарын орындамау, сондай-ақ қоғамдық орынға мас күйінде келу бойынша әкімшілік хаттамалар толтырды. Іс бойынша материалдар сотқа жолданды.

Жыл басынан бері көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері әуе кемелерінде түрлі құқық бұзушылықтар жасаған 331 тұлғаны анықтап, жауапкершілікке тартты. Ең жиі кездесетін құқық бұзушылықтар қатарында — алкогольдік ішімдік ішу және қоғамдық орындарда мас күйінде жүру. Осы бойынша 189 факт, әуе кемесінде шылым шегу – 89, ұсақ бұзақылық – 24 және тағы басқа да деректер анықталды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты