Қазақ киіз үйі халықаралық марапатқа ие болды

Сурет: designeducates
Алматылық заманауи қазақ киіз үйі жобасы Design Educates Awards 2025 халықаралық премиясында "Architectural Design" (Архитектуралық дизайн) аталымы бойынша жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сыйлықтың ресми сайтында айтылғандай, байқауға әлемнің түкпір-түкпірінен келген жобалар қатысқан.

Ұйымдастырушылардың пікірінше, бұл жобалар тек көркем бейнесімен емес, білім беру мен мәдени құндылықтарды жеткізе алуымен де ерекшеленеді. Осы себепті дәстүрлі қазақ үйінің заманауи интерпретациясы ұлттық дәстүр мен қазіргі заман идеяларын үйлестіре білген сәулет үлгісі ретінде танылған.

"Киіз үйдің жоспарлануы 25 шаршы метрлік аумақты тиімді пайдалануға мүмкіндік береді — ұйықтайтын және жұмыс аймақтары шеткері орналасқан, ал асүй мен әжетхана орталыққа топтастырылған", – делінген Design Educates Awards 2025 сайтында.

Жоба экологиялық таза материалдар негізінде жасалған. Мысалы, қабырға панельдері базальт талшығынан жасалған жылу оқшаулағыш қабаты бар желімделген фанерадан құрастырылған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев халықтық цифрлық экономиканы дамыту туралы жарлыққа қол қойды

Биыл 595 мың теңге, 2027 жылы 770 мың теңге – жүктілік пен босануға байланысты төлем қалай есептеледі

Жалақы, қосымша төлемдер және даулы мәселелер бойынша мұғалімдер 1472 нөмірінен кеңес ала алады

Игорь Лепеха ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды

Қазақстандық әйелдер 2026 және 2027 жылдары декретке шыққанда қанша төлем алады