Маңғыстау облысында кәсіпорында болған апат салдарынан төрт адам күйіп қалды

Сурет: akorda.kz
2025 жылғы 18 шілдеде Маңғыстау облысында "ҚазАзот" АҚ-ның өндірістік нысанында техникалық апат болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірлік әкімдіктің мәліметінше, төтенше жағдай кезінде кәсіпорынның төрт қызметкері зардап шеккен. Жәбірленушілерге көмек көрсету үшін Қазақстан Республикасының бас реаниматологы мен күйік медицинасы бойынша жетекші мамандар жұмылдырылған.

"Зардап шеккендерге термиялық күйік диагнозы қойылды. Екі адам жансақтау бөліміне жатқызылса, қалған екеуі жарақат бөліміне орналастырылды", - делінген ресми хабарламада.

Қазіргі таңда зардап шеккен жұмысшылардың жағдайы тұрақты, оларға қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетіліп жатыр. Жағдай облыс басшылығының бақылауында.

"Өңірлік мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің мәліметінше, кәсіпорында от қолданылатын жұмыстар тиісті рұқсат құжаттарынсыз жүргізілген. Апатқа жабық кеңістікте жұмыс істеу барысында еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталмауы себеп болуы мүмкін. Бұл оқиға бойынша арнайы комиссия құрылып, тергеу басталды", - деді әкімдік өкілдері.

Аталған оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабы — "Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу" бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды