Павлодар облысында полицейлер мас жүргізушіні тоқтатты

Фото: Zakon.kz
Павлодар облысының Қозыкеткен ауылында полиция қызметкерлері күмән тудырған мотоцикл жүргізушісін тоқтатты.

Құқық қорғау органдарының күдігі расталып, жүргізуші медициналық куәландыру нәтижесінде мас күйде көлік басқарғаны анықталды.

"Аталған азаматқа қатысты көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарғаны үшіншара қолданылды. Іс сотта қаралып, оның нәтижесі бойынша тәртіп бұзушы 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылды. Мотоцикл мамандандырылған тұраққа қойылды", – деп мәлімдеді Успен аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Серік Мускенов.

Полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, көлікті мас күйде басқармауға және басқа да қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмеуге шақырады.

"Заң және Тәртіп" қағидаты – азаматтардың қауіпсіздігі мен қоғам тыныштығын қамтамасыз ететін ішкі істер органдары жұмысының басты негізі. Әрбір құқық бұзушылық жауапсыз қалмайды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы