Қарағандылық қыз Threads-те алауыздық тудырғаны үшін екі айға қамауға алынды

Сурет: Zakon.kz
Қарағанды облысының полиция департаментінің мәліметінше, 22 жастағы Қарағанды тұрғыны Threads әлеуметтік желісінде ұлтаралық алауыздық белгілері бар жазба жариялағаны үшін қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Threads желісіндегі күмәнді жазбаны анықтаған. Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабының 1-бөлігіне (Алауыздықты қоздыру) сәйкес қылмыстық іс қозғалған.

Полиция департаменті тергеу барысында күдіктінің елден кетуді жоспарлағанын анықтағанын хабарлады.

"Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу нәтижесінде оның Threads әлеуметтік желісінде ұлтаралық алауыздықты қоздыру белгілері бар жазба жариялағаны анықталды. Сондай-ақ күдіктінің елден тыс жерге кетуді жоспарлағаны белгілі болғандықтан, оны қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы өтініш берілді", - делінген департамент хабарламасында.

ҚР ҚК-нің 174-бабына сәйкес, бұл қылмыс үшін 2 000-нан 7 000 АЕК-ке дейін айыппұл (7 863 000 – 27 524 000 теңге), не бостандықты шектеу, не 2 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

2025 жылғы 22 шілдеде Қарағанды қаласының тергеу соты өтінішті қанағаттандырып, тергеу аяқталғанға дейін күдіктіні екі айға қамауға алу туралы шешім шығарды. Қазір істі тергеу жалғасып жатыр, тиісті сараптамалар тағайындалған. Нақты процессуалдық шешім сараптама нәтижесіне қарай қабылданады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды