Қазақстанда кімге кәсіп ашу үшін 1,6 миллион теңгеге дейін беріледі

Фото: freepik
2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің түрлі шараларымен 15 мыңнан астам мүгедектігі бар адам (бұдан әрі – МбА) қамтылды.

Бүгінгі таңда барлығы ерекше қажеттіліктері бар 110,9 мың адам жұмыспен қамтылған (30%).

2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда мүгедектігі бар 743,9 мың адам тұрады, ол халықтың жалпы санының 3,7%-ын құрайды, олардың 375,7 мыңы еңбекке қабілетті жаста.

ҚР Әлеуметтік кодексіне сәйкес жергілікті атқарушы органдар мүгедектігі бар адамдар үшін ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмағанда, жұмысшылардың жалпы санының 2-ден 4 %-на дейін (жалдамалы жұмыскерлердің жалпы саны кемінде 50 адам болған кезде) көлемде жұмыс орындарына квота белгілейді. Ағымдағы жылдың 1 тоқсанында квота бойынша мүгедектігі бар 4,8 мың адам жұмысқа орналастырылды.

Сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар адамдар жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылуда. Мәселен, ағымдағы жылдың 1 шілдедегі жағдай бойынша тұрақты жұмысқа 1,8 мың адам, жастар практикасына – 141 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына – 271 адам, қоғамдық жұмыстарға – 3,8 мың адам, "Күміс жас" жобасы бойынша – 484 адам, "Алғашқы жұмыс орны" жобасы бойынша – 28 адам, "Ұрпақтар келісімшарты" жобасы бойынша – 3 адам жұмысқа орналастырылды.

Қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен 88 адам, "Бастау бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 2,9 мың адам қамтылды.

Халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтарға өз бизнесін ашу үшін 400 АЕК-ке дейінгі (1,6 млн теңге) мөлшерінде мемлекеттік гранттар беріледі. Бүгінгі таңда 666 мүгедектігі бар адам осындай қолдауға ие болды.

Сондай-ақ, 2018 жылдан бастап халықаралық тәжірибені ескере отырып, мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орнын жарақтандыруға байланысты жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау тәртібі енгізілді. Ағымдағы жылы осындай 49 арнайы жұмыс орны құрылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды