Астанада түнгі таныстық ұрлықпен аяқталды

Сурет: unsplash
Астанада полицейлер түнгі таныстықты өз пайдасына пайдаланбақ болған 27 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тергеу мәліметінше, күдікті әйелмен елорданың түнгі клубтарының бірінде танысқан. Әңгімелері жарасып, кешті қонақүй нөмірінде жалғастыруды ұйғарған. Алайда әйел адам ұйықтап қалған сәтте, ер адам оның жеке заттарына қол жеткізіп, бағасы 700 мың теңгеден асатын ұялы телефонын жасырын түрде ұрлап кеткен.

Жоспары қарапайым болған: ешкімге байқатпай кетіп, пайда табу. Алайда бейнебақылау камералары мен полицияның жедел әрекеті оның "ұрлап, жоқ болу" жоспарын іске асыртпады.

Күдіктінің жеке басы анықталып, ол қолға түсті.

Ұрланған телефон табылып, иесіне қайтарылды.Күдікті ұрланған құрылғыны келесі күні кездейсоқ өтіп бара жатқан адамға сатып жіберген.

Алайда ұзаққа бармады: жәбірленуші полицияға шағым түсіріп, оның түр-әлпетін сипаттап берген. Көп ұзамай күдікті қала көшелерінің бірінде ұсталды.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

-6°C: 23 қазанда еліміздің бес өңірінде қар жауып, күн суытатыны болжанады

"Қар, көктайғақ, тұман": Жұмада еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді

Тибетте қатты жер сілкінісі болды