Алматыда Марков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Сурет: Zakon.kz
Марков көшесінің кей бөлігіне орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

AlmatyJoly Telegram арнасында келтірілген мәліметке сәйкес, шектеу екі кезеңді қамтиды. Атап айтқанда:

  1. 26 шілде сағат 22:00-ден 27 шілде сағат 08:00-ге дейін әл-Фараби даңғылынан Тимирязев көшесіне дейінгі аралықта жол жабылады.
  2. 27 шілде сағат 22:00-ден 28 шілде сағат 08:00-ге дейін Тимирязев көшесінен Павлов көшесіне дейінгі аралықта жол жабылады.
"Жөндеу жүріп жатқан аумақта ескерту белгілері мен мердігер ұйым жетекшісінің байланыс мәліметтері көрсетілген тақталар орнатылады. Маршрутыңызды алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз", делінген хабарламада.

Сурет: AlmatyJoly Telegram арнасы

Бұған дейін Астанада Джей Лоның концерті кезінде, 1 тамызда бірнеше көшеде көлік қозғалысы уақытша шектелетінін жазғанбыз.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?