29 шілдеде елдің басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

Сурет: pexels
"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 29 шілдеде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, орталығында найзағай күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтау қ.: 29 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Найзағай. Күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Павлодар қ.: 29 шілдеде найзағай күтіледі, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Ақмола облысында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23-28 м/с. Көкшетау қ.: 29 шілдеде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында төтенше өрт қаупі күтіледі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Өскемен қ.: 29 шілдеде күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Абай облысының шығысында, оңтүстігінде найзайғай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23-28 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Семей қ.: 29 шілдеде күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Орал қ.: 29 шілдеде күндіз найзағай, бұршақ күтіледі.

Ақмола облысында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23-28 м/с. Көкшетау қ.: 29 шілдеде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде шаңды дауыл. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент қ.: 29 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістан қ.: 29 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Түнде найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағанды қ.: 29 шілдеде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз кей уақыттарда екпіні 15-18 м/с.

Ұлытау облысының солтүстік бөлігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Облыстың солтүстік бөлігінде найзағай. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазған қ.: 29 шілдеде күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде найзағай, күндіз найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Петропавл қ.: 29 шілдеде күндіз найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі.

Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі. Тараз қ.: 29 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында 15-20, Алакөл көлдері ауданында екпіні 23-28 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорған қ.: 29 шілдеде түнде найзағай күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырау облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қ.: 29 шілдеде төтенше өрт қаупі күтіледі.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз найзағай. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанай қ.: 29 шілдеде күндіз найзағай күтіледі.

Қызылорда облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде облыстың орталығында, күндіз облыстың орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл, күндіз облыстың солтүстігінде дауыл күтіледі. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың орталығында күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қ.: 29 шілдеде күндіз шаңды дауыл күтіледі. Жел батыстан күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 18-23 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. Алматы қ.: 29 шілдеде күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 18-23 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қонаев қ.: 29 шілдеде түнде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 18-23 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты