Сейфті ақшасымен бірге ұрлап кеткен астаналық қолға түсті

Фото: Zakon.kz
Полиция жарты млн теңге ұрлаған астаналық тұрғынды қолға түсірді.

Байқоңыр аудандық криминалдық полиция қызметкерлері кеңсеге терезе арқылы кіріп, жарты миллион теңгеден астам ақшаны қолды қылған күдіктінің жеке басын анықтады.

Полицияға қаладағы ЖШС-тердің бірінің өкілі жүгінген. Оның айтуынша, белгісіз біреу екінші қабаттағы терезені бұзып ашып, кеңсеге кіріп, ішіндегі сейфті ақшасымен бірге ұрлап кеткен.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер 27 жастағы азаматты ұстады.

Ол тергеу барысында ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсағанын айтып, қылмысын мойындады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркеліп, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір оның осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Полиция азаматтарға өз мүлкін қорғау үшін қосымша қауіпсіздік шараларын қабылдауға шақырады. Құқық қорғау органдары сенімді құлыптар орнатып, күзет жүйесін және дабылқаққыш құрылғыларды қолдануға кеңес береді.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді