Орал қаласында есірткі таратумен айналысқан интернет-дүкен жойылды

Сурет: ҚР ІІМ
"Қарасора" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полицейлер Орал қаласы аумағында есірткі заттарын сатумен айналысқан интернет-дүкенді анықтап, оның қызметін тоқтатты.

Заңсыз істің ұйымдастырушысы – 25 жастағы облыс орталығының тұрғыны болып шықты.

Тұрғылықты жері бойынша тінту кезінде ерекше иісі бар, қою қоңыр түсті өсімдік тектес зат салынған 12 түйіншек, электронды таразы, жазбалары бар дәптер, оқшаулағыш лента, zip-пакеттер және ноутбук тәркіленді. Сондай-ақ есірткі жасырумен айналысқан 24 жастағы жігіт ұсталды.

Жеке тексеру кезінде одан бір түйіншек табылып, тәркіленді. Ұялы телефонын қарау барысында есірткі жасырған 40 орынның координаттары анықталды, сол жерлерден ерекше иісі бар, қою қоңыр түсті өсімдік тектес зат салынған 17 түйіншек тәркіленді.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция оңай табыс табу уәдесіне алданып қалмауға шақырады. Мұндай әрекеттер үшін заң бойынша қатаң қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев