Ақтауда балалардың көзінше шешініп жүрген ер адамға сот үкімі шықты

Сурет: pixabay
Ақтауда жағажай аймағында кәмелетке толмаған қыздардың көзінше жалаңаш жүрген ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақтаудың әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, ер адам өз әрекетімен демалыс орнындағы қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін әкімшілік қамауға алынды.

"Ақтаудың әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты қоғамдық тәртіпті бұзу дерегі бойынша Б.-ға қатысты әкімшілік құқықбұзушылық ісін қарады. Ол ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігі ("Ұсақ бұзақылық") бойынша жауапқа тартылды", - делінген ақпаратта.

Оқиға 2025 жылдың 27 шілдесінде түнгі сағат 2 шамасында болған. Азамат "Б" Ақтаудағы "Стигл" демалыс базасында қоғамдық тәртіпті әдейі бұзып, айналасындағыларға құрметсіздік танытқан. Сот мәліметінше, ол қоғамдық орында, алкогольдік мас күйінде, жалаңаш күйде жүрген. Сол жерде демалып жүрген кәмелетке толмаған қыздар да бұл жағдайға куә болған.

Медициналық сараптама мен әкімшілік хаттама деректері арқылы ер адамның кінәсі дәлелденді. Сонымен қатар құқықбұзушының өзі де айтылғандарды растады.

"Б. әкімшілік хаттамамен келісіп, кінәсін мойындады. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігі 20 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 5-тен 15 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу түріндегі жазаны көздейді. Сот қаулысымен ер адам кінәлі деп танылып, 14 тәулікке әкімшілік қамауға алынды", - деп хабарлады соттан.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

3 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Президент Жолдауы: Атырауда ақпараттық-түсіндіру кездесулері басталды

Қазақстанда телеарналар мен радио хабар тарату уақытша тоқтайды

Дәурен Мұратбеков Жоғары Сот Кеңесіндегі қызметінен босатылды

Әсел Жанасова Премьер-министрдің орынбасары – көлік министрі болып тағайындалды