Астанада Дженнифер Лопестің концерті кезінде бірнеше бала жоғалып кетті

Сурет: wikimedia/Firdaus Latif
Әлемдік жұлдыз Дженнифер Лопестің концерті кезінде қоғамдық қауіпсіздік қалай қамтамасыз етілгенін елордалық полиция баяндап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Астана полицейлері күшейтілген режимде жұмыс істеген.

"Қоғамдық тәртіпті сақтау үшін полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері, сондай-ақ жекеменшік күзет агенттіктерінің өкілдері мен 500-ден астам ерікті тартылды", - делінген министрлік хабарламасында.

Көрермендерді "Астана Арена" стадионына жеткізген 100 автобус жол желісіне түсетін жүктемені айтарлықтай азайтып, кептелістің алдын алуға көмектесті.

"Шара өтетін аумақта қауіпсіздікті арттыру мақсатында турникеттер, бейнебақылау камералары, металл іздегіш рамкалар мен рентген құрылғылары орнатылды. Концертке келгендер тексеру және кіргізу үдерісінің жылдам әрі кедергісіз ұйымдастырылғанын оң бағалады", - деді полицейлер.

Концерт барысында тәртіп сақшыларына балалар мен заттардың жоғалуы туралы бірнеше өтініш түскен. Жоғалған балалар мен заттар жедел түрде табылды.

Шетелдік қонақтарға туристік полиция қызметкерлері көмектесті. Олар құқықтық және ақпараттық қолдау көрсетіп, қаланың на

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

Шымкентте көлік дүкенге соғылып, өртеніп кетті: екі адам жансақтау бөлімінде жатыр