Қазақстандықтарға қоқыс өткізіп, табыс табуға мүмкіндік берілді

Сурет: pexels
Жеке және заңды тұлғалар шыны ыдысты, қағазды, картонды, пластик қаптаманы және пленканы сатуға өтінім бере алатын "Жасыл даму" АҚ Ecoqolday мобильдік қосымшасы іске қосылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Экология министрлігінің хабарлауынша, аталмыш платформа қалдықтарды жинау, тасымалдау және қайта өңдеу жүйесін ұйымдастыру мақсатында 2024 жылдың қыркүйегінде іске қосылған.

Бұл ретте Үкімет арнайы бағаны да белгілеп қойған:

Өтінім беру процесі өте оңай:

EcoQolday қосымшасы Google Play және iOS-та қолжетімді.

"Бұл платформа еліміздегі қалдықтарды қайта өңдеу саласындағы жағдайды жақсартуға ықпал етеді, сондай-ақ Орталық Азия өңірінде баламасы жоқ. Қазіргі таңда 64 компаниямен, 38 жинаушымен, 17 қайта өңдеушімен және 9 толық циклді кәсіпорынмен келісімшарттар жасалды. EcoQolday қосымшасы іске қосылғаннан бері 23,4 мың тонна қалдық (қағаз – 18,0 мың тонна, шыны – 5,1 мың тонна, пластик – 0,3 мың тонна) қайта өңдеуге жіберілді", делінген ведомство хабарламасында.

Бұған дейін Экология министрлігі сатуға шығарылған ақбөкен етінің сапасына күмән болмау керектігін айтқан болатын.  

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мобильді интернеттің дамуы: 5G желісін пайдалану қарқыны артты

Биыл 595 мың теңге, 2027 жылы 770 мың теңге – жүктілік пен босануға байланысты төлем қалай есептеледі

Игорь Лепеха ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды

Жалақы, қосымша төлемдер және даулы мәселелер бойынша мұғалімдер 1472 нөмірінен кеңес ала алады

Қазақстандық әйелдер 2026 және 2027 жылдары декретке шыққанда қанша төлем алады