Афинада өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты: қазақстандық балуандар қанша медаль жеңіп алды

Сурет: olympic.kz
Афинада (Грекия) күрес түрлерінен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған жарыста Қазақстан құрамасы 11 медаль жеңіп алды.

Грек-рим күресінде Жаңажол Қуанышбек 45 келіге дейінгі салмақта чемпион атанды.

Күміс жүлдені Нұрдәулет Құмарұлы (48 келіге дейін) мен Нұралы Асқар (55 келіге дейін) еншіледі.

Шамиль Досбол (65 келіге дейін) мен Марлен Мейірбекұлы (71 келіге дейін) қола жүлдегер атанды.

Қыздар арасында Мадхия Усманова (57 келіге дейін) алтын медаль иеленді.

Інжу Баққожа (40 келіге дейін) мен Шахизада Дәулетжан (69 келіге дейін) үшінші орыннан көрінді.

Еркін күрес шеберлері - Данаель Абдықасым (51 келіге дейін), Бекасыл Асамбек (60 келіге дейін) және Дінмұхамед Қасымбек (80 келіге дейін) қола медаль жеңіп алды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз