Жамбыл облысында жүкті әйелін өлтірген ер адамға үкім шықты

Сурет: Zakon.kz
Жамбыл облысының тұрғыны жүкті әйелін өлтіргені үшін 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Қылмыстық істі Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

2025 жылғы 7 тамызда Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі істің мән-жайын бөлісті.

Сот үкімі

"Сот үкімімен Ш. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі 4-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, оған 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот жаза тағайындау кезінде жеңілдететін мән-жай ретінде кәмелетке толмаған балаларының барын ескерді, ал ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ", - делінген Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Айта кетейік, үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сот анықтаған деректер

2024 жылғы тамыз айында Қордай ауданының Масаншы ауылында сотталушы мен оның жұбайы арасында тұрмыстық жанжал шыққан. Жанжал кезінде күйеуі әйелінің жүкті екенін біле тұра, оған өткір құралмен мойын тұсынан жарақат салып, ауыр дене жарақатын келтірген.

Жәбірленуші алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

"Сотталушының кінәсі оқиға орнын қарау хаттамасымен, куәгерлердің айғақтарымен, сарапшылардың қорытындыларымен және өзге де заттай дәлелдемелермен толық дәлелденді", - деп хабарлады Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың баспасөз қызметі.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды