Бұл туралы Аlau.kz сайты облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап таратты.
Алдын ала мәлімет бойынша, 7 тамыз күні шамамен 12:30 кезінде қабылдау бөлімінде жанжал шыққан. Сол сәтте келушілердің бірі тіркеушіге күш қолданған. Аталған оқиға бойынша тиісті құқық қорғау органдарына жедел түрде хабар берілді.
Аурухана әкімшілігі оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қызметтік тексеріс бастағанын мәлімдеді.
Айта кетейік, бұл Қостанай облыстық ауруханасында тіркелген алғашқы жағдай емес. Бұған дейін аталған мекемеде хирург Кистановқа науқас шабуыл жасап, жарақат алған еді. Кейін дәрігер Астанадағы клиникаға емдеуге жіберілген. Аурухана баспасөз қызметінің мәліметінше, пациент дәрігерден диагнозды нақтылауды сұрап келіп, агрессия көрсеткен.