Президент "Халықтық құрылыс" бағдарламасына бақылау жүргізетін мемлекеттік комиссияның құрамын бекітті

Подписание законов, назначения, назначение, Касым-Жомарт Токаев, президент Республики Казахстан, президент РК, глава государства, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.11.2026 10:04 Фото: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Халықтық құрылыс" инфрақұрылымдық жаңғырту бағдарламасына бөлінген қаражаттың жұмсалуын бақылайтын мемлекеттік комиссия құру туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың 2026 жылғы 25 қарашадағы мәліметінше, мемлекеттік комиссияның негізгі міндеті – бағдарлама аясындағы жобалардың уақтылы әрі сапалы іске асырылуын қамтамасыз ету, сондай-ақ бюджеттік тәуекелдер мен бөлінген қаражаттың тиімсіз жұмсалуына жол бермеу.

Бағдарламаны іске асырудың қаражатты жоспарлау мен бөлуден бастап, нысандарды нақты пайдалануға беруге дейінгі барлық кезеңі бақылауға алынады. Мемлекеттік комиссия мемлекеттік сатып алулардың мерзіміне, құны мен заңдылығына мониторинг жүргізіп, тәуекелі жоғары жобаларды анықтайды және оларды жою жөнінде шаралар әзірлейді.

Енді бағдарламаның іске асырылу барысына жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша тоқсандық және жылдық есептер Қазақстан Республикасының Президентіне ұсынылады.

Мемлекеттік комиссияның жұмыс органы ретінде Жоғары аудиторлық палата (ЖАП) белгіленді.

Комиссия құрамына уәкілетті мемлекеттік органдардың басшылары, Құрылтай депутаттары, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері, журналистер, қоғам қайраткерлері, сарапшылар, өңірлер мен бизнес қауымдастықтың өкілдері енді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: