Президент Ұлттық қор қаражатының жұмсалуын бақылау жөніндегі комиссияның құрамын жаңартты

Экономика, экономика Казахстана, экономика РК, экономическое развитие Казахстана, деньги, тенге, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.05.2025 12:56 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 19 мамырдағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражаттың жұмсалуын бақылау жөніндегі комиссия туралы" жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражаттың жұмсалуын бақылау жөніндегі комиссия құрылсын", – делінген құжатта.

Комиссия құрамына кіреді:

  • Қазақстан Республикасы Жоғары есеп палатасының төрағасы, комиссия төрағасы;
  • Қазақстан Республикасы Президентінің экономика мәселелері жөніндегі көмекшісі;
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары;
  • Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары;
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті 4-қызметінің 4-ші басқармасының бастығы;
  • "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры (келісім бойынша);
  • Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары;
  • Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының орынбасары;
  • Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары
  • Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары;
  • Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі;
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика бірінші вице-министрі;
  • Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы (келісім бойынша);
  • Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы (келісім бойынша);
  • "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы төрағасының орынбасары (келісім бойынша);
  • Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы;
  • Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы.

Сондай-ақ комиссияның ережесі мен жұмыс тәртібі бекітілді.

Комиссияның міндеті Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражаттың мақсатты, заңды және тиімді пайдаланылуына, оның ішінде маңызды объектілердің, республикалық маңызы бар жобалардың және Ұлттық қор қаражаты есебінен қаржыландырылатын басқа да жобалардың, оның ішінде облигациялар бойынша қарыз алу есебінен қаржыландырылатын жобалардың іске асырылуын және аудитін бақылауды қоса алғанда, тұрақты бақылауды жүзеге асыру болып табылады.

Комиссияның құқығы бар:

  • маңызды объектілердің, республикалық маңызы бар жобалардың және Ұлттық қор есебінен қаржыландырылатын басқа да жобалардың іске асырылуын бақылау және қаржылық бөлігін тексеру үшін сыртқы сарапшыларды (аудиторларды) тартуға;
  • тиісті мемлекеттік органдардың және мемлекет қатысатын ұйымдардың лауазымды адамдарының тәртіптік және өзге де жауапкершілігі туралы мәселені шешу үшін материалдарды енгізуге;
  • ақпаратты құқық қорғау және ұлттық қауіпсіздік органдарына қарау үшін жіберу.

Комиссия мүшелерi өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк органдардан, мемлекет қатысатын ұйымдардан және лауазымды адамдардан қажеттi есептердi, мәлiметтердi, құжаттарды және өзге де материалдарды, оның iшiнде тиiстi лауазымды адамдардан ауызша және жазбаша түсiнiктемелердi сұратуға құқылы.

Комиссия шешімдері консультативтік сипатта болады.

Жарлық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Бұған дейін күшіне енген Президенттің "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражаттың жұмсалуын бақылау жөніндегі комиссия туралы" Жарлығы мен бірқатар президент актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Жарлығының күші жойылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: