Бектенов "Росатом" басшысымен АЭС құрылысын талқылады

Сурет: Үкіметтің баспасөз қызметі
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов "Росатом" мемлекеттік корпорациясының бас директоры Алексей Лихачевпен кездесу өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Олжас Бектеновке "Росатом" корпорациясының басшысы Алматы облысындағы алғашқы атом электр стансасы құрылысының басталғаны туралы ақпарат берді.

Кездесу барысында тауарлар мен қызметтердегі қазақстандық қамту тетіктері, отандық құрал-жабдықтар мен материалдарды пайдалану, сондай-ақ кадрлық әлеуетті тарту, тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды. Ядролық-отын циклі процестерін локализациялау мәселелері көтерілді. Сондай-ақ жетекші отандық және шетелдік әріптестерді біріктіретін халықаралық консорциум қалыптастырудың тәжірибелік тұстары қарастырылды. 

Ресей тарапы атом электр стансасы құрылысын аясында кооперацияның қажетті деңгейін қамтамасыз ете отырып, Қазақстан және басқа елдердің жеткізушілерімен ынтымақтасуға дайын екендігін жеткізді.

Премьер-министр Олжас Бектенов атом электр стансасының құрылысы Мемлекет басшысының бақылауында екенін атап өтті. Үкімет жобаны жүзеге асыруға қажетті көмек көрсетеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты