Бүгін - Абай күні

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Бүгін, 10 тамыз қазақтың ұлы ақыны хакім Абайдың туғанына 180 жыл болады. Қазақ халқымен мойындалған данышпан-ойшылдың артқа қалдырған мұрасын насихаттау мақсатында бүгінгі күндері Абай күнін Қазақстан жылда атап өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Абай күнін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылы бекіткен болатын.

Айта кетсек Абай Құнанбаев 1845 жылы 10 тамызда Семей облысының Шыңғыстау баурайындағы Қасқабұлақ ауылында (Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы) дүниеге келді. Абайдың арғы тегі билер мен ақсүйектер болып табылады. Одан бөлек, қысқаша тоқталсақ, Абай туралы мынандай мәліметтерді алға тартуға болады:

Айта кетсек, Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай еліміз бойынша 5 000-нан астам іс-шара жоспарланған.  Бекітілген кешенді жоспарға халықаралық және республикалық деңгейдегі 100-ден астам ауқымды іс-шара енген. Негізгі салтанатты іс-шаралар ақын туған өңірде – Абай облысында өтеді. Атап айтсақ, республикалық айтыс, халықаралық ақындар фестивалі, жыр мүшәйрасы, сондай-ақ спектакльдер мен концерттер ұйымдастырылады. Мәселен, Алматыда қазақтың ұлы ақыны, ойшыл әрі ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған ауқымды бағдарлама басталды. Тамыз айы бойы қалада 120-дан астам іс-шара жоспарланған.  

Қазақстан
Құнанбай Абай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады

Ұлттық Банк 8 айда алғаш рет базалық мөлшерлемені төмендетті