Қазақстандық азамат бұрынғы әйеліне 31 мың теңге алимент төлеуге міндеттелді

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Солтүстік Қазақстандағы Мамлют аудандық соты бұрынғы жұбайын асырауға алимент төлеу туралы татуласу келісімін бекітті. Сот процесінің толық мәліметтерін Zakon.kz ақпаратынан оқи аласыз.

Белгілі болғандай, 2025 жылғы 24 шілдеде жергілікті тұрғын әйел бұрынғы күйеуіне өзінің асырауына алимент өндіру туралы сотқа талап арыз берген. Олардың некесі бұған дейін сот тәртібімен бұзылған. Сол кезде 2023 жылы туған ортақ баланың тұрғылықты мекенжайы анасының жанында болатыны анықталған.

Айта кетерлігі, "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" кодекстің 148-бабына сәйкес, бұрынғы жұбайынан алимент өндіруді талап ету құқығы — жүктілік кезінде және ортақ бала үш жасқа толғанға дейінгі мерзімде ғана қарастырылады, егер бұрынғы жұбайының төлеуге мүмкіндігі болса.

Соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, әйел соттан бала үш жасқа толғанға дейін өзінің асырауына алимент өндіруді сұраған.

Нәтижесінде тараптар сотқа татуласу келісімін бекіту және бұл мәселені сотттың қатысуынсыз қарау туралы өтініш ұсынған.

Татуласу келісімі бойынша жауапкер 2025 жылғы 24 шілдеден бастап 2026 жылғы 5 наурызға дейін бұрынғы жұбайының асырауына ай сайын 8 АЕК көлемінде (31 456 теңге) алимент төлеуге келіскен. Төлем әр айдың 10-на дейін жүргізілуі тиіс.

Соттың бұл анықтамасы әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Филиппиндегі жер сілкінісінен кейін теңіз түбі екі метрге көтерілді

"Әділет" партиясы AMANAT құрамына қосылады: партия съезі бірауыздан қолдады

Тоқаев Ұлыбритания королі ІІІ Чарльзды туған күнімен құттықтады

Қытайдағы әлем кубогы кезеңі: қазақстандық боксшылар турнирді кімдерге қарсы бастайды