Қазақстанда магистратураға грант конкурсына құжат қабылдау басталды

Сурет: Zakon.kz
Бүгін, 12 тамызда магистратураға білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау басталды. Ол 18 тамызға дейін (қоса алғанда) жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары, оның ішінде виртуалды қабылдау комиссиялары арқылы жүзеге асырылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шекті балл

Барлығы 49 мыңға жуық адам магистратураға түсу үшін емтихан тапсырды. Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша түсушілердің 50%-ы, бейінді бағыт бойынша 21%-ы шекті балл жинады. Олар грант конкурсына қатыса алады.

Магистратурада оқуға арналған білім беру гранттары кешенді тестілеу нәтижелері бойынша конкурстық негізде тағайындалады.

Грант конкурсына құжаттарды қабылдау 12-18 тамыз аралығында ЖОО-лардың қабылдау комиссиялары, оның ішінде онлайн виртуалды комиссиялар арқылы жүзеге асырылады. Яғни, болашақ магистранттарға құжаттарды тапсырудың ыңғайлы тәсілін таңдау мүмкіндігі беріледі.

Қандай құжаттар керек?

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет: жеке куәліктің көшірмесі, жоғары білімі туралы құжат (диплом және қосымшасы); КТ сертификаты және шет тілін меңгергендігін растайтын халықаралық сертификаттар (бар болған жағдайда).

Құжаттарды тапсыру кезінде оқуға түсуші білім беру бағдарламаларының бір тобын және үш жоғары оқу орнын көрсете алады.

Магистратураға түсушілер 13 мың мемлекеттік білім грантына үміткер бола алады.

Магистратураға білім беру гранты иегерлерінің тізімі 25 тамызға дейін ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Ұлттық тестілеу орталығының ресми сайтында және әлеуметтік желілерінде жарияланады.

Болашақ магистранттардың оқуға қабылдануы 28 тамызға дейін аяқталады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты