Жамбыл облысында полиция үш ер адамды қарасора жинап жүрген жерінен ұстады

Сурет: polisia.kz
Жамбыл облысында 60 келіден астам марихуана жинаған үш ер адам ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тұрар Рысқұлов ауданы аумағында өткен жедел іс-шараны Жамбыл облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті және Ұлттық ұланның "Бүркіт" арнайы жасағымен бірлесіп жүргізді.

Күдіктілер жабайы қарасораны жинау үстінде ұсталды. Олар — 48 және 53 жастағы Қарағанды облысының екі тұрғыны және 48 жастағы Ұлытау облысының тұрғыны екені анықталды.

Тінту барысында жалпы салмағы 61 келі 440 грамм болатын кептірілген марихуана тәркіленді. Сонымен қатар дайындау орнынан жабайы өсімдікті оруға пайдаланылған болуы мүмкін екі темір орақ табылды.

"Барлық күдікті өз кінәсін толық мойындады. Қазіргі уақытта олар Тараз қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлады полиция.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігіне (Есірткі заттарын аса ірі мөлшерде заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған