ҰҚДО басқармасының басшысы болып бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Ерік Байжүнісов тағайындалды

Сурет: gov.kz
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының жаңа Басқарма төрағасы тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы бүгін, 2025 жылғы 15 тамызда ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.

"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының басқарма төрағасы болып Ерік Әбенұлы Байжүнісов тағайындалды",- делінген ақпаратта.

Ерік Әбенұлы 1965 жылғы 26 сәуірде Алматы облысында дүниеге келген. Жоғары медициналық білімі бар (Алматы мемлекеттік медицина институты, 1988 ж.), философия докторы (PhDr) дәрежесіне және іскерлік әкімшілендіру магистрі дәрежесіне ие. Ағылшын тілін еркін меңгерген.

Жалпы еңбек өтілі – шамамен 35 жыл, оның 11 жылдан астамы мемлекеттік қызметте.

Ерік Әбенұлы дәрігер-хирургтен бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министріне дейінгі жолдан өтті. Облыстық денсаулық сақтау басқармаларында, Денсаулық сақтау министрлігінде және әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде басшылық қызметтер атқарды. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығын, сондай-ақ Салидат Қайырбекова атындағы денсаулық сақтауды дамытудың ұлттық ғылыми орталығын басқарған.

Қызмет жолында "Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі" төсбелгісімен, "Құрмет" медалімен, "Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін" төсбелгісімен, сондай-ақ II дәрежелі "Еуразиялық экономикалық одақты құруға қосқан үлесі үшін" медалімен марапатталған.

Бұған дейін мемлекет басшысының өкімімен Қанат Ниязбеков Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы болып тағайындалғанын жазған болатынбыз.

Қазақстан
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты