Магаданнан Аляскаға ресейлік ұшақ қонды: оның бағытын 400 мыңнан астам адам бақылады

Сурет: akorda.kz
"Россия" арнайы ұшу жасағының Ту-214 ұшағы 15 тамызда Анкоридж қаласындағы "Эльмендорф – Ричардсон" әскери базасына қонды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресейдің ірі БАҚ-тарының мәліметінше, бортта Ресей президенті Владимир Путин болған. Алайда танымал ресейлік журналист Павел Зарубин бұл ақпаратты жоққа шығарып, ұшақтың Ресейдің арнайы әуе кемелерінің бірі екенін айтты.

Ресей президенті әлі Аляскаға жетпеген.

Айта кетерлігі, Flightradar сервисінің статистикасына сәйкес, бұл ресейлік ұшақтың ұшуын 400 мыңнан астам қолданушы бақылаған. Бұл – сервистегі рекорд.

16 тамызға қараған түні Аляскада (АҚШ) Дональд Трамп пен Владимир Путиннің келіссөздері өтеді. Бұл – екі ел басшыларының 2019 жылдан бергі алғашқы бетпе-бет кездесуі.

Ресей
АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

Жасанды бал сатқандарға 20 тамыздан бастап қомақты айыппұл салынады

Отбасы шешімі өзгеге өмір сыйлады: Маңғыстау облысында науқасқа жүрек трансплантациясы жасалды

Президент Құрылтайдың бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды