Қазақстанда шетелдік баспа басылымдарын есепке алу қағидалары жаңартылды

Ноутбук, работа за ноутбуком, дистанционная работа, работа на ноутбуке, удаленная работа, фриланс, цифровые документы, интернет, сеть, цифровизация, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.08.2026 10:32 Фото: unsplash
Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі 2026 жылғы 20 тамыздағы бұйрығымен Қазақстан аумағында таратылатын шетелдік баспа басылымдарын есепке алу қағидаларына өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, қағидалар жаңа редакцияда жазылды.

Құжатқа сәйкес, Қазақстан аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспа басылымдарын есепке алуды қызмет алушының өтініші негізінде ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті жүзеге асырады.

Шетелдік мерзімді баспа басылымы есепке қойылғаннан кейін қызмет көрсетушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері Қазақстан аумағында таратылатын, есепке қойылған шетелдік мерзімді басылым туралы мәліметтерді бірыңғай тізілімге енгізеді.

Мұндай мәліметтер басылым есепке қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде бірыңғай тізілімге енгізілуге тиіс.

Мемлекеттік қызметті алу үшін Қазақстанда масс-медиа саласында қызмет көрсететін жеке және заңды тұлғалар "цифрлық үкімет" порталы арқылы белгіленген нысандағы өтініш пен қажетті құжаттарды қызмет көрсетушіге жолдайды.

Қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжат туралы, сондай-ақ заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі немесе қайта тіркелуі жөніндегі мәліметтерді қызмет көрсетуші "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.

Мемлекеттік қызмет көрсету туралы өтініштің қабылданғаны жөніндегі мәртебе қызмет алушының порталдағы "жеке кабинетіне" жіберіледі.

Қызмет көрсетушінің кеңсесі құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдап, тіркейді және орындау үшін жауапты құрылымдық бөлімшеге жолдайды.

Қызмет көрсетушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері құжаттар тіркелген сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

Егер қызмет алушы құжаттардың толық емес топтамасын немесе қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынса, жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкері белгіленген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан бас тартады. Бас тарту туралы электрондық құжат уәкілетті орган басшысының немесе оның орынбасарының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (ЭЦҚ) расталып, өтініш берушінің порталдағы жеке кабинетіне жіберіледі.

Бұл ретте аталған мемлекеттік қызметті алу құқығының туындауына қатысы жоқ талаптар мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз бола алмайды.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылған жағдайда қызмет алушымен тыңдау рәсімі өткізілмейді.

Қызмет алушы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға себеп болған мән-жайларды жойғаннан кейін мемлекеттік қызметті алу үшін қайта өтініш беруге құқылы.

Бұйрық 2026 жылғы 5 қыркүйектен бастап күшіне енеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: