Жаңалықтар тізбегі
0

Шетелдік баспа басылымдарын есепке қою: ережелер әзірленді

Шетелдік баспа басылымдарын есепке қою: ережелер әзірленді, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.08.2024 13:33 Сурет: pixabay
Мәдениет және ақпарат министрлігі Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алуды жүзеге асыру қағидаларын әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алуды Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті жүзеге асырады.

"Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алу" мемлекеттік көрсетілетін қызметін алу үшін Қазақстан Республикасында бұқаралық ақпарат құралдары саласында қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы арқылы нысан бойынша өтінішті, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген құжаттарды жібереді.

Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде тіркеу туралы мәліметтерді, төлемді растайтын құжатты көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу күнін, орнын көрсете отырып көрсетілетін қызметті алушыға портал арқылы "жеке кабинетіне" жіберіледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері құжаттарды тіркеген кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. өтініштің дұрыс толтырылуын тексереді. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған кезде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің қызметкері құжаттарды тіркеген кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тартады.

Өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тарту өтініш берушіге басшының немесе оның орынбасарларының, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесі қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында Порталдағы жеке кабинетіне жіберіледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде құжаттардың осы қағидалардың талаптарына сәйкестігін қарайды, қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді басылымдарды есепке алу туралы анықтаманы қалыптастырады.

Көрсетілетін қызметті алушы "Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген кезде көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім шығарады, ол туралы көрсетілетін қызметті алушыны оған қол қойылғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етеді.

Көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешімге қарсылығын ұсынады.

Көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешімге қарсылығын ұсынады.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының Порталдағы жеке кабинетіне басшының немесе оның орынбасарларының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

Құжат 19 тамызға дейін жария талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: