Шымкентте екі мыңға жуық абонент газсыз қалды
Фото: pixabay
Шымкентте жер қазу жұмыстары кезінде газ құбыры зақымдалып, кейін өрт шыққан. Жалын жүк көліктері мен бұрғылау жабдықтарын шарпыған. Соның салдарынан екі мыңға жуық абонент көгілдір отынсыз қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
КТК телеарнасының мәліметінше, оқиға орнына келген өрт сөндірушілер жалынды сөндіріп, оның тұрғын үйлерге таралуына жол бермеді. Осы уақытта газ қызметі газ беруді жедел түрде тоқтатты. Нәтижесінде 1,5 мың жеке үй, 340 пәтер және ондаған басқа нысан газсыз қалды.
Жер қазу жұмыстарын жүргізген компанияға қатысты тексеру басталды. Себебі бұған дейін кәсіпорынға қауіпсіздік талаптары туралы ескерту жасалған. Газ беруді 25 тамызда қалпына келтіру жоспарланған.
Шымкент өндірістік филиалы бөлімінің басшы орынбасары Эльдар Қуандықовтың айтуынша, 18 тамызда филиал мамандары оқиға орнына барып, газ құбырының күзет аймағын көрсеткен.
"Оны белгілеу үшін газ құбырының маңында техниканы пайдаланып жер қазу жұмыстарын жүргізуге болмайтыны, ал қазу жұмыстары тек қолмен жүргізілуі керектігі ескертілді. Алайда мердігер ұйым бұл талапты елемей, көлбеу бағытталған бұрғылау жұмыстарын жүргізген. Соның салдарынан апат орын алды", - деді Эльдар Қуандықов
Бұған дейін Шымкентте газ құбырының жанында жүк көлігі мен бұрғылау жабдықтарының өртенгені туралы жазған болатынбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript