Шымкентте газ құбыры жанында жүк көлігі өртенді
Сурет: Zakon.kz.
Шымкент қаласының Еңбекші ауданында Қаратау шоссесі маңындағы газ құбырында жүк көлігі мен бұрғылау жабдықтары өртенді, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 25 тамыз күні "112" пультіне газдың жанғаны туралы хабарлама түскен.
"Құтқарушылардың алғашқы бөлімшелері келген кезде жүк көлігі мен бұрғылау жабдықтарының ашық жалынмен жанып жатқаны байқалды. Газ қызметі вентильді жауып, газ беруді тоқтатты", – делінген хабарламада.
ТЖМ бөлімшелері:
- газ құбырын салқындатты;
- өртті толық сөндірді;
- жалынның жақын маңдағы тұрғын үйлерге таралуына жол бермеді.
"Өрт немесе басқа да төтенше жағдай орын алған кезде дереу "112" нөміріне хабарлау қажет", – деп ескертті ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі.
Бұған дейін Шымкент тұрғынының жануарлардың мыңдаған түрін құтқарып жүргені белгілі болған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript