Алматыда жүк көлігі өртенді
Сурет: Zakon.kz
Алматыда Төле би даңғылымен қозғалып бара жатқан ЗИЛ жүк көлігі өртенді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өрт Байтұрсынов көшесімен қиылыста болған. Алдымен жүк көлігінің капотының астынан түтін шығып, кейін көлікті жалын шарпыған.
Оқиға орнына өрт сөндірушілер, полиция қызметкерлері және жедел жәрдем бригадасы келді. Өрт сөндірушілер қызыл жалынды сөндіріп, полицейлер қауіпті аумақты қоршауға алды. Ешкім медициналық көмекке жүгінген жоқ.
Өрт сөндірілгеннен кейін көлік қозғалысты қалпына келтіру үшін жолдан шығарылды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript