Құтқарушылар Алматы маңындағы тауда адасып кеткен турист қыз түні бойы іздеді

Құтқарушылар Алматы маңындағы тауда адасып кеткен турист қыз түні бойы іздеді, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.08.2026 16:29 Сурет: видео скрині
Турист қыз Іле Алатауындағы 3000 метрден астам биіктікте адасып кеткен. Оны іздеу жұмыстары түні бойы жүргізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға Алматы облысының Қарасай ауданында, Вечерняя тауы маңында болған. Қыз қараңғы түскенде соқпақтан адасып, таудан қауіпсіз түсу жолын өздігінен таба алмаған. Түн ортасына қарай ол көмек сұраған.

Іздеу жұмыстарына ТЖМ-нің "Барыс" республикалық құтқару қызметінің мамандары кірісті. Бастапқыда берілген координаттар бойынша турист қызды табу мүмкін болмады. Кейін онымен байланыс үзілген.

Құтқарушылар шатқал бағыты бойынша іздеу жұмыстарын жалғастырып, ақыры қызды тапты. Мамандар оны таулы аймақ арқылы алып жүріп, қауіпсіз жерге шығарды.

Турист қызға медициналық көмек қажет болмады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: