"Балаларды үйден шығаруға қорқамыз": Алматы тұрғындары саябақтағы жағдайға шағымданды

үйсіз адам, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.08.2026 09:45 Сурет: magnific.com
Алматының шетіндегі аудан тұрғындары маңайдағы жалғыз саябақты үйсіз адамдардың паналайтынына шағымданды. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, олар шулап, алкоголь ішеді, өтіп бара жатқан адамдардан ақша мен темекі сұрайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала тұрғындары КТК телеарнасына берген сұхбатында үйсіз адамдар саябақта матрас пен көрпелерді пайдаланып, түнеуге арналған орындар жасап алғанын айтты. Ал аумақ біртіндеп қоқысқа толып барады.

"Біз балаларымызды үйден шығаруға қорқамыз. Бірақ ойнайтын басқа жер жоқ. Үйсіз адамдар осында ұйықтайды, айқайлайды, төбелеседі. Бөтелкелер шашылып жатыр. Бірде олар өрт шығарып алды. Бәлкім, біреу темекі тұқылын тастаған шығар? Өртті көршілерімізбен және балалармен бірге сөндірдік", – деді жергілікті тұрғын Жанакүл Темірғалиева.

Тұрғындар үйсіз адамдардың бірінің бұған дейін саябақтың өзінде қайтыс болғанын да айтты. Олардың сөзінше, мәйітті анықтағаннан кейін полиция шақырған.

Әкімдік өкілдері жағдайды бақылауға алғанын мәлімдеді. Алдағы сенбіде аумақта сенбілік өткізіліп, одан кейін билік саябақты абаттандыру жұмыстарын қолға алмақ.

Алатау ауданы әкімінің аппараты абаттандыру бөлімінің басшысы Мадияр Әбуев:

"Біз жағдайды бақылауға алдық. Осы сенбіде бұл учаскеде жергілікті сенбілік ұйымдастырылады. Келесі жылы жөндеу, күрделі жөндеу және саябақты қалпына келтіру жұмыстарына бюджет қаражатын сұрауды жоспарлап отырмыз".

Саябақ бұған дейін жеке тұлғаның жалдауында болған. Қазір жерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Келесі жылы мұнда футбол және баскетбол алаңдарын, жаңа орындықтар, жаяу жүргіншілер жолдары мен жарықтандыру жүйесін орнату жоспарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: