Жаңалықтар тізбегі
0

Алматылықтар жұмыс істемейтін кәріздің сасық иісіне шағымданады

Алматылықтар жұмыс істемейтін кәріздің сасық иісіне шағымданады, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.05.2024 09:16 Сурет: pixabay
Алматының шет ауданындағы жеке үйлердің тұрғындары адам төзгісіз иіске шағымданады. Тұрғындардың айтуынша, олар дұрыс тартылмаған кәріз жүйесінің исінен, күннің ыстығында есік пен терезелерін ашудан қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.

KTK-ның жазуынша, "Шаңырақ 2" шағын ауданының тұрғындары мәселе туралы жергілікті шенеуніктердің есігін қағып шаршаған.

"Бұл әкімшілік өткен жолы жиналыста "сәуір айында кәріз жүйесі қосылады, бәрі дұрыс болады" деп, өздері уәде берген болатын. Уәдесінде тұрмады. Соның кесірінен кейбір көшеде,кейбір ағайын кәріз суын қосып жіберіп, ол жүрмей, жолдың бетіне шығып, жұқпалы аурулар тарауына тікелей себепкер болып отыр".Шаңырақ-2 ықшам ауданының тұрғыны Дүйсенбай Сығаев

Мұнымен қоса, амалы таусылған тұрғындар айына үш-төрт рет кәріз суын сорғызу үшін өз қалтасынан ақша төлейді екен. Айта кетерлігі , мәселе күні кеше емес, сегіз жылдан бері бар болып шықты.

"Дайын тұрған кнс-тар бар, қосылуға дайын тұр. Бірақ бізде "Тоспа су" өз жұмысын дұрыс істемейді. Люктердің бәрін дұрыс тазаламайды. Соның кесірінен біз қосылуға дайын тұрған люкке қосыла алмай тұрмыз. Ал "Тоспа судың " айтатыны күнде ертең. Айтатыны — өтірік. Өтірік есеп береді",- дейді Шаңырақ-2 ықшам ауданының тұрғыны Батима Әубәкірова.

Жағдайға әкімдіктегілер де қанық екен. Олар кәріз жүйесін маусым айында толық аяқтаймыз деп уәделерін үйіп төкті.

"Біз "Алматы суға" тапсырма бердік. Төрт бригада ертеңнен бастап толыққанды жұмысқа, кәріз жүйесін тазалауды бастайды. 2019 жылы кәріз жүйесі салынған.Салынып дайын тұрды. Оның қосылғаны да бар. 20-21-де қосылған, дегенмен осы бес көше толық қосыла алмай тұрды. Маусым айының соңына дейін аяқталады".Абай Топарбай, Алатау ауданы су және сумен жабдықтау бөлімінің бас маманы

Әкімдіктің сөзіне сенсек, жағдайдың қалыпқа келуіне аз қалды. Келесі айда мәселе толығымен шешімін таппақ.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: