Ноу-хау: Алматылықтар жолдағы шұңқырға кілем төсеп қойды

Алматының Наурызбай ауданындағы көшелердің бірінің тұрғындары жол мәселесін өз бетінше шешпек болып, шұңқырға кілем төсеп қойған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әлеуметтік желі оқырмандары түрлі пікір білдіріп, кеңесін де аямаған:
- Жоғарыдағылар көріп қоймасын. Әйтпесе бүкіл әл-Фарабиге төсеп қояр;
- Сөз болады, көріп қоймасын.
- Көз тимесін!
- Күлетін ештеңесі жоқ.
- Түрік кілемі шығар.
- Бір мүшек цемент ал да, құйып таста!
- Көк изолентамен жабу керек еді.
- Екі орап салу керек еді.
Ал қала әкімдігінің баспасөз қызметі Айбергенов көшесіндегі шұңқырға қатысты шағым 2023 жылғы 31 қазанда түскенін айтты. Кілемді тұрғындар төсеп қойған.
"2023 жылғы 1 қарашада ағымдағы жөндеу жұмыстары аясында өтініш жедел қаралды: асфальт жабындысын төсеу жұмыстары жүргізілді".Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Қала әкімдігі Наурызбай ауданына қатысты арыз-шағым болса, әкімдіктің Instagram-дағы парақшасына (@akimat_nauryzbai_audany) шағымдануға, не болмаса +7 700 308 7020 нөміріне қоңырау шалуға болатынын ескертті.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript