Жаңалықтар тізбегі
0

Маңғыстау облысында жолға асфальт кілем төселген

Маңғыстау облысы, "Өзенмұнайгаз" АҚ, жол, асфальт, кілем, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.06.2023 12:25 Сурет: pixabay
Жаңаөзендіктер бейнежазба арқылы жолға төселген ерекше асфальтты көрсетті. Оның беткі жабыны кілем сияқты жұп-жұқа, тіпті қолмен орауға болады, деп хабарлайды Zakon.kz .

Lada басылымының жазуынша, видео "Өзенмұнайгаз" акционерлік қоғамының құрылымдық бөлімшесі болып саналатын №1 мұнай-газ өндіру басқармасының жанындағы жолда түсірілген.

Мұндай "ноу-хау" жергілікті халықтың көңілінен шықпаған.

"Өзенмұнайгаз" АҚ баспасөз қызметі видеоға түсініктеме бере отырып, 2023 жылдың қаңтарында Жетібай – Қарамандыбас – Жаңаөзен тас жолы жөнделгенін мәлім етті.

Алайда мамыр айында жолдың жоғарғы бөлігінжа ойықтар пайда болып, мердігерге кемшіліктерді жоюды талап ететін хат жолданған.

"2023 жылғы 6 маусымда "Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы" РМК филиалына жолдардың сапасын тексеру үшін хат жолданды". "Өзенмұнайгаз" АҚ баспасөз қызметі

Сараптама қорытындысына сәйкес қабылданған шешім бойынша, мердігер мекеме өз қаражаты есебінен кемшіліктерді жою жұмыстарын жүргізетіні белгілі болды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: