Қазақстаннан Түркіменстанға жеткізілген еттен бруцеллез табылғаны рас па

Сурет: Zakon.kz
Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті 17 тамызда "Түркіменстанға Ақмола облысынан бруцеллез табылды делінген ет өнімдерінің жеткізілгені" туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұған дейін "Түркіменстан хроникасы" басылымы маусым айының соңында Түркіменстанға Қазақстаннан екі партия мұздатылған ет жеткізілгенін жазған болатын. Басылым дерегінше, шілде айының бірінші жартысында зертханалар бұл өнімдерден бруцеллез белгілерін анықтаған. Сонымен қатар еттің бір бөлігі балалар мекемелері мен балалар үйлеріне жіберіліп, қалғаны сауда желілері арқылы сатылғаны айтылған.

Алайда Қазақстан тарапы бұл ақпаратты жоққа шығарып, 2025 жылы Түркіменстанға Қазақстаннан ет экспорты болмағанын атап өтті.

"Ақпарат құралдарын материал дайындау барысында уәкілетті мемлекеттік органдардың ресми деректерін ғана пайдалануға шақырамыз", – делінген комитет мәлімдемесінде.

Сол басылымда Түркіменстанның Денсаулық сақтау және медициналық өнеркәсіп министрлігі жұқтырылған өнімді жою шараларын қолға алып, кейбір аймақтардағы инфекциялық бөлімшелерді тексергені де айтылған.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда 5-12 тамыз аралығында тауық еті – жамбас және сирақ сүйектеріндегі ет орта есеппен 1,9%-ға қымбаттаған еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі