Қазақстанда пойыз билеттері неліктен тапшы - ҚТЖ басқарма төрағасы жауап берді

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
"Қазақстан темір жолы" ҰҚ" АҚ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов 2025 жылғы 19 тамыз күні Үкіметтегі баспасөз мәслихатында Қазақстанда пойыз билеттерінің тапшылығы қашан шешілетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Ол жазғы туристік маусымда ҚТЖ қосымша Балқаш, Алакөл және Бурабай бағытына 11 жолаушылар пойызын іске қосқанын атап өтті.

"Бүгінде билеттердің 87%-ы онлайн сатылады. Қазір оларды жүзеге асыратын түрлі сервистер бар. Бірақ айта кетейін: қыста, жолаушылар тасымалы азайған кезде, біз тасымалды 30%-ға дейін тоқтатамыз. Соған қарамастан адамдарды жұмыспен қамтимыз, жалақы төлейміз, вагондарға техникалық қызмет көрсетеміз. Яғни, маусымдылық мәселесі туындайды. Парк жаңартылған соң бұл мәселе шешіледі деп ойлаймын", – деді Талғат Алдыбергенов.

Оның айтуынша, жеті айдың қорытындысы бойынша жолаушылар вагондарының орташа толымдылығы небәрі 73%-ды құрады.

"Қысқы уақытта біз бос тұрамыз, ал жазда тапшылық пайда болады. Билеттер тапшылығы 2030 жылға қарай толық парк жаңартылғанда шешіледі. Қосымша вагондар мен пойыздар шығару тәжірибесін біз әрқашан қолдап келеміз. Биыл ерекше. Біз қосымша 300 мың жолаушыны тасымалдадық, яғни клиенттерімізге барынша жағдай жасап отырмыз", – деп толықтырды ол.

Бұған дейін елордадағы LRT станцияларының атауы бекітілгендігі хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды