Астанада "Қазақстан тарихы Kazinform фотосуреттерінде" көрмесі ашылды

Сурет: Kazinform
Елорданың MEGA Silk Way сауда орталығында Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің 105 жылдығына арналған фотокөрме ашылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Көрмеде 1930 жылдардан бүгінгі күнге дейінгі қоғам мен мемлекет өмірінен сыр шертетін маңызды оқиғалар жайлы агенттік тілшілерінің бірегей фотомұрағаты, эксклюзивті фотосуреттері ұсынылған. Кей кадрлар бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған. Олар ел тарихындағы бетбұрыс кезеңдерінің құнды ескерткіші саналады.

Сурет: Kazinform

Көрме алты бөлімнен тұрады:

Сурет: Kazinform

Сондай-ақ мемлекеттің дамуына үлес қосқан көрнекті қазақстандықтардың портреттерін тамашалауға болады.

Сурет: Kazinform

"Экспозицияда ұжымдастыру мен индустрияландырудың, екінші дүниежүзілік соғыстың тауқыметін бастан кешірген, соғыстан кейінгі кезеңде өмір сүрген, тың жерлерді игерген, "ғасыр құрылысына" қатысқан, тәуелсіздік таңын атырған қазақстандықтардың өмірі көрсетіледі", - деп түсіндірді Kazinform агенттігінің басқарушы директоры Нағашыбек Алдан.

Сурет: Kazinform

Көрмеге барлығы 188 фотосурет қойылған. Фотокөрме 31 тамызға дейін жалғасады.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды