Еліміздің мектептерінде жаңа оқу жылынан бастап қосымша пән пайда болады

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
1 қыркүйектен бастап еліміздің барлық білім беру ұйымдарында жеке қауіпсіздік сабақтары қайта басталады. Бұл сабақтар балалардың түрлі өмірлік жағдайларда дұрыс әрекет етуге қажетті практикалық дағдыларын қалыптастыруға және жеке қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауын дамытуға бағытталған.

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ресми ақпаратына сүйенсек, сабақтар балабақшалардан бастап колледждерге дейін білім берудің барлық деңгейін қамтиды. Әр жас ерекшелігіне сәйкес бөлек блок әзірленген:

Сабақтар әр аптада сынып сағаты аясында 10 минуттан өткізіледі және тақырыптар жылына үш рет қайталанады.

"Тәжірибе көрсеткендей, мұндай сабақтар балалардың мазасыздығын төмендетіп, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастырады және оларды өмірдегі, онлайн ортадағы күрделі жағдайларда дұрыс әрекет етуге үйретеді", – деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Насымжан Оспанова.

Жеке қауіпсіздік сабақтары 2023–2025 жылдарға арналған балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен саламаттылығын қамтамасыз ету жөніндегі кешенді жоспар аясында енгізілген.

Бұған дейін "Жалпыға бірдей білім беру" қоры аясында ата-аналардың және заңды өкілдердің есепшоттарына мектеп формасын, аяқ киім мен оқу-құралдарын сатып алу үшін шамамен 20 млрд теңге аударылғанын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі