Қонаев тұрғыны алманың кесірінен ажал құша жаздады

Сурет: Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасы
Дәрігерлер Қонаев қаласының 67 жастағы тұрғынының кеңірдегінен алма кесегін алып шықты. Ер адам осы кесекке тұншығып қала жаздаған, деп хабаралайды Zakon.kz.

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының мәліметінше, олардың эндоскопист дәрігері Данияр Алмағамбетов санитарлық авиация арқылы Қонаевтағы орталық аудандық ауруханаға шұғыл көмек көрсету үшін ұшып барған.

"Науқастың сол жақ негізгі кеңірдегінен көлемі 2х1,5 см алма кесегі табылды, ол тыныс жолын толықтай жауып тастаған. Жағдайды күрделендірген қосымша дерттері де болды: 1995 жылы өткен ми қан айналымының жіті бұзылуының салдары, дизартрия, сол жақ гемипарез, сондай-ақ III дәрежелі артериялық гипертензия", - деп хабарлады Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасы.

Ота бөлмесінде маман интубациялық наркозбен видеобронхоскоп аппараты арқылы бөгде затты алып тастады.

"Мұндай жағдайлар шұғыл араласуды және жоғары біліктілікті қажет етеді. Санитарлық авиация жүйесінің үйлесімді жұмысы мен дәрігерлердің тәжірибесі ең қиын сәттердің өзінде науқастарға дер кезінде көмек көрсетуге мүмкіндік береді", - деді Данияр Алмағамбетов.

Дәрігердің дер кезінде әрі кәсіби әрекетінің арқасында науқастың тыныс жолы толықтай қалпына келтіріліп, ауыр асқынулар мен өміріне қауіп төндіретін жағдайдың алдын алды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы