Ұлттық Банктің хабарлауынша, 2025 жылғы 27 тамызда ҚҰБ-тың интернет-дүкені арқылы "Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар" сериясынан "ҚАЗАҚСТАН КОНСТИТУЦИЯСЫНА 30 ЖЫЛ" коллекциялық монеталары сатыла бастайды.
Сурет: Ұлттық банктің баспасөз қызметі
"Монеталар алтын жалатылған 925 сынамды күмістен жасалған. Массасы 31,1 грамм, диаметрі 38,61 мм, дайындау сапасы – proof, номиналы – 1 000 теңгелік, таралымы – 1 000 (бір мың) дана", - делінген банк таратқан хабарламада.
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған.