2026 жылғы ӘЧ іріктеуіне қатысатын Қазақстан ұлттық құрамасының тізімі белгілі болды

Сурет: instagram/kff_team
25 тамызда Қазақстан ұлттық футбол құрамасының бас бапкері Али Алиев Уэльс (4 қыркүйек) және Бельгияға (7 қыркүйек) қарсы өтетін 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу ойындарына шақырылған футболшылардың қорытынды тізімін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бас бапкер кейінгі уақытта ұлттық құрама сапында өнер көрсеткен 25 ойыншыны таңдады.

Қақпашылар: Мұхаммеджан Сейсен ("Астана"), Темірлан Анарбеков ("Қайрат"), Бекхан Шайзада ("Ордабасы").

Қорғаушылар: Әлібек Қасым ("Ақтөбе"), Ян Вороговский ("Астана"), Нұралы Әліп ("Зенит"), Наурызбек Жагоров ("Тобыл"), Еркін Тапалов ("Қайрат"), Сергей Малый, Ұлар Жақсыбаев, Сұлтанбек Астанов (бәрі – "Ордабасы").

Жартылай қорғаушылар: Ислам Чесноков ("Тобыл"), Бақтиер Зайнутдинов ("Динамо", Мәскеу), Рамазан Оразов, Алмас Төлюбай, Ғалымжан Кенжебек (бәрі – "Елімай"), Даурен Жұмат, Серікжан Мужиков (екеуі де "Оқжетпес"), Дінмұхамед Қараман ("Жеңіс"), Бағдат Қайыров ("Ақтөбе"), Дәмир Қасаболат ("Қайрат").

Шабуылшылар: Оралхан Өміртаев ("Ақтөбе"), Максим Самородов ("Ахмат"), Дастан Сәтпаев ("Қайрат"), Иван Свиридов ("Елімай").

Оқу-жаттығу жиыны 29 тамызда Астанада басталады.

Қыркүйекте Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде екі матч өткізеді. 4 қыркүйекте өз алаңында Уэльспен ойнаймыз, ал 7 қыркүйекте сырт алаңда Бельгияға қарсы кездесеміз.

Ал бұл ойындар алдында қазақстандық жанкүйерлердің назары тарихи нәтижеге жақын тұрған "Қайратқа" ауды – команда Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шығуға бір қадам қалды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты