Астаналықтарға емханаларға тіркелу туралы жағымды жаңалық хабарланды

Фото: freepik
Елордада 1 қыркүйектен 1 қарашаға дейін халықты алғашқы медициналық-санитариялық көмек (БМСК) ұйымдарына тіркеу науқаны өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана әкімдігі әр тұрғынға бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде (жаяу жету қашықтығында) поликлиниканы еркін таңдау құқығын қамтамасыз ету және медициналық ұйымдарға ресурстарды алдын ала жоспарлап, келесі жылы тіркелген халыққа сапалы қызмет көрсету үшін жүргізілетіндігін мәлімдеді.

"Тіркеу халыққа тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясында қызметтерге қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Азаматтар емханаға тіркелуін электрондық үкімет порталы eGov.kz арқылы немесе қалалық iKomek 109 қолдау қызметі арқылы тексере алады". Астана әкімдігі

Тіркелуге құқығы барлар:

Тіркелу тәртібі:

  1. eGov.kz порталы арқылы. Авторизациядан өтіп, электрондық өтінім толтырыңыз. Нәтиже немесе дәлелді бас тарту 1 жұмыс күні ішінде жеке кабинетке жіберіледі.
  2. Таңдалған емханада жеке өзі. Жеке куәлікті көрсетіп, ұйым басшысының атына өтініш толтырылады.
  3. Халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) арқылы.

Маңызды: тіркелу ЖСН бойынша және тек бір ғана БМСК ұйымына жүргізіледі. Егер сіз емханаңызды өзгертпесеңіз, жаңа өтінім берудің қажеті жоқ: қазіргі ұйымыңызда тіркеуде қала бересіз.

Науқан барысында тіркелген тұлғалар таңдалған медициналық ұйымнан қызметті 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ала бастайды. Осы жылдың соңына дейін қызмет бұрынғы емханада жалғасады.

Тіркеуден бас тарту негіздері:

Қосымша түсініктемелер алуға болады:

Бұған дейін жаңа эпидемиологиялық маусымға қалай дайындалу керек екендігі жайлы жазғанбыз.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды