270-нысан бойынша кірістер мен мүлік туралы декларацияны Kaspi.kz суперқосымшасында тапсыруға болады

Сурет: Kaspi.kz
Kaspi.kz мемлекеттік органдармен бірлесіп, салық төлеушілер үшін 270-нысан бойынша кірістер мен мүлік туралы декларация тапсыратын жаңа онлайн сервисті іске қосты.
"Біздің мақсатымыз – салық декларациясын тапсыру барысын мүмкіндігінше қарапайым әрі ыңғайлы ету. Мемлекеттік органдармен бірлесіп, біз азаматтардың уақытын үнемдейтін онлайн сервистер жасаймыз. 2024 жылы Kaspi.kz-тің онлайн сервистері арқылы мемлекеттік бюджетке 2,2 триллион салық төленді. Бір жыл бұрын біз 250-нысан бойынша декларацияны толтыратын сервисті іске қостық, оны 1 миллион қазақстандық пайдаланды. Енді біз 270-нысан бойынша декларацияны толтыратын жаңа сервисті ұсынамыз. Серіктестік орнатқаны үшін мемлекеттік органдарға және сенім артқаны үшін әр сүйікті клиентімізге алғыс айтамыз! Бізбен бірге болғандарыңызға рақмет!" Kaspi.kz басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе:
"Мемлекеттік кірістер комитеті азаматтарымызға оңай, түсінікті әрі ыңғайлы болу үшін сервистерді жақсарту және қолдау көрсету үшін үнемі жұмыс істейді! Біз үшін нағыз көмекші болған сервисті әзірлегені үшін Kaspi.kz командасына алғысымды білдіргім келеді. Сервис ыңғайлы, түсінікті әрі қарапайым, ұқыпты ойластырылған – кәсіби деңгейде ұсақ-түйекке дейін көңіл бөлгендеріңіз үшін рақмет, сіздер керемет жұмыс атқардыңыздар!" ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Жандос Дуйсембиев:
"Бұған дейін біз eGov Mobile қосымшасында және eGov.kz электрондық үкімет порталында 250 және 270-нысандар бойынша декларацияларды толтыру және тапсыру бойынша функционалды іске асырғанбыз. Екінші деңгейдегі банктер халық үшін осындай маңызды сервистер мен қызметтерді танымал етуге қосылып жатқаны қуантады. Бұл оларды пайдалану ауқымын сөзсіз кеңейтеді және сервистеріміз бен қызметтерімізге қол жеткізуді жеңілдетеді. Әріптестеріміз бен серіктестерімізге бірлесіп атқарған жұмыстары үшін алғыс білдіргім келеді". ЦДИАӨМ вице-министрі Ростислав Коняшкин:

2025 жылдан бастап кірістері мен мүлкі туралы декларацияны (270-нысан) қазақстандықтардың мынадай санаттары ұсынады:

Kaspi.kz мобильді суперқосымшасында 270-нысан бойынша декларацияны қалай толтыруға болатыны туралы толығырақ Kaspi Гид сервисінен оқыңыз.

Kaspi.kz туралы

Kaspi.kz миссиясы – клиенттер мен серіктестердің өмірін жақсартатын инновациялық өнімдер мен қызметтер жасау. Инновациялардың орталығында – елдегі ең танымал мобильді суперқосымша Kaspi.kz. Оны шамамен 15 миллионға жуық қазақстандық пайдаланады, ол елдегі электронды сауда, төлем және қаржылық жетекші сервистерді қамтиды.

Kaspi.kz суперқосымшасы арқылы қазақстандықтар тегін жеткізу қызметі бар тиімді онлайн зат сатып алып, комиссиясыз төлемдер мен аударымдар жасайды, жеке қаржыларын басқарады, әуе және теміржол билеттерін сатып алады, турлар рәсімдейді және ең танымал мемлекеттік қызметтерді пайдаланады.

Kaspi.kz бизнес үшін де Kaspi Pay суперқосымшасын әзірледі, оны Қазақстандағы шамамен 750 мыңға жуық кәсіпкер пайдаланады. Kaspi Pay арқылы кәсіпкерлер бизнесін дамытуға қаржыландыру алады, төлем қабылдайды, жарнамалық науқандар жүргізеді, салық төлейді, электрондық сауда және жеткізу платформасына қосылады, оның көмегімен тауарларын бүкіл ел аумағында сатады.

Гарвард Бизнес мектебі Kaspi.kz туралы екі оқу материалын әзірледі, оны бірнеше жылдан бері магистратура студенттері оқып келеді.

Қазақстан
Kaspi.kz
Ломтадзе Михаил

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты